• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2018

Солтүстік Қазақстанда құс өнімдері сатылымнан алынып тасталды

237 рет
көрсетілді

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ұйымдастырған кезекті санитарлық сараптау мониторингі кезінде бірнеше шетелдік фирманың құс еттерінің адам ағзасына қауіпті екені белгілі болды.

Бұл өнімдер дереу сатылымнан алынып, полигонда толығымен жойылды.

«Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама барысында 70 сауда нысанынан 1279 сынама алынып, зерттелді. Қорытындысында 104 сынаманың техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні  анықталды. Атап айтқанда өңірімізге Ресейден жеткізілген төрт фирманың құс өнімдерінен сальмонелла ауруы табылды», дейді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Самат Қазанбаев.

Адам ағзасына зиянды тағамдар «Чебаркульская птица», «МПК», «CAPITAL PROJECTS LTD» кәсіпорындары өнімдерінен, сондай-ақ «Буштың» сан еттерінен табылған. Талапты бұзып, заңды белден басқан 3 кәсіпкерге 144 300 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Мамандар тұтынушыларға өнімді сатып алмас бұрын құрамымен мұқият танысуға, тағам өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етуге, мүмкіндігінше отандық тағамдарды сатып алуға кеңес береді.

Шұжық тағамдары мен консервіленген өнімдерде шошқа ДНК-сы мен ГМО белгілері және соя шамадан тыс көп екендігі де анықталған.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»